15 октября 2025


Республикалық форум: жаңа идеялар мен кәсіби тәжірибе алмасу

     «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Жоғары колледжінің директоры Толегенова Бибигуль Толегеновна техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен жұмыс берушілердің қатысуымен өткен Республикалық кәсіби педагогикалық шеберлік форумына қатысты.

      Іс-шара тәжірибе алмасудың, өзекті үрдістерді талқылаудың және техникалық пен кәсіптік білім беру жүйесіне инновациялық тәсілдерді енгізудің маңызды алаңына айналды. Форум қатысушылары білім беру үдерісін цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын пайдалану, оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту және жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.

     Форум барысында педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, олардың әдістемелік әлеуетін дамытуға және тиімді білім беру тәжірибелерін енгізуге ерекше назар аударылды.

     Колледж басшылығының форумға қатысуы оқу үдерісіне озық технологияларды енгізуге, кәсіби байланыстарды кеңейтуге, заманауи идеялармен алмасуға және мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.