11 Қыркүйек 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ «АЗИЯ – 2023» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Семсерлесуден «Азия – 2023» Халықаралық турнирі 26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Алматыда өтті. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының екінші курс студенті Аңсар Қасен командалық сайыс және жеке сын кезеңдерінде үздік атанды. Елдің барлық өңірлері мен бірнеше шетелдік команда бақ сынаған сайысқа жиырмадан аса команда қатысты. Қазір Аңсар Өскеменде өтетін ересектер арасындағы ҚР кубогіне қызу әзірлік үстінде. Ол бірнеше жылдан бері семсерлесуден өтетін республикалық және халықаралық жарыстарда университет намысын қорғап келеді.