30 Қыркүйек 2023


Шетел ғалымы академиялық ұтқырлықпен дәріс оқыды

Сыртқы академиялық ұтқырлық аясында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының шақыруымен 2023 жылдың 1 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында Таяу Шығыс университетінен (Түркия, Солтүстік Кипр, Никосия) п.ғ.д., профессор Хусейн Узунбойлу 6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 6В01301 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 6В01101 – «Педагогика және психология», 6В01801 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламаларының 3-4 курс білім алушыларына және де 7М01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 7М01301 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 7М01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының 1-2 курс магистранттарына «Digital technologies in education» атты тақырыпта дәрістерін оқыды.

Университетіміздің профессор-оқытушылар құрамына Scopus деректер базасына мақалаларды тіркеу және ұсыну мәселелері бойынша «Research metods and publishing articles in high impact factor journals: Scopus» тақырыбында дәріс оқыды.

Алдағы уақытта гранттық жоба аясында конкурсқа қатысатын кафедра оқытушылары Хусейн Узынбойлумен ынтымақтастық туралы келісім жасады.