8 декабря 2023


САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МЕН ҮЛГІЛЕУ ЗЕРТХАНАСЫНА САЯХАТ

Сәрсен Аманжолов атындығы ШҚУ Жоғары колледжінің «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығында оқитын қазақ және орыс тобының студенттері №7 оқу ғимаратында орналасқан «Сандық технология мен үлгілеу зертханасына» саяхат жасады.
Саяхаттың мақсаты білім алушылардың өз мамандығына деген ынта-жігерін арттыра отырып, терең біліммен бірге оқуда ғылымның алатын орны ерекше екенін түсіндіру болды.
Сандық технология мен үлгілеу зертханасының ғалымдары заманауи IT технологияның көмегімен дихандардың жұмысын жеңілдететін, оңтайлы шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін жоба әзірлеуде екен. Жобаны аталған зертхананың қызметкерлері мен Алтай Мемлекеттік университетінің «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ғалымдарымен бірлсесе отырып қолға алған.
— Жүзеге асырылып жатқан жобаның грант соммасы 70 млн. жуық. Ал, тәжірибе алаңы 27 гектар аумақты алып жатыр. Егістікте себілген негізгі өнімдер: арпа, бидай, соя. Осы үш жылдық жоба барысында ұшқышсыз ұшу құрылғысын, метеостанция мәліметтерін, спутниктік суреттер және басқа заманауи құрылғыларды пайдаланып ауыл шаруашылығындағы өнімді арттыратын, адам еңбегін жеңілдететін тиімді шешімдерді әзірледік, жобаның соңғы жемісі біз әзірлеген платформа болып табылады – дейді аға ғылыми қызметкер Алмасбек Маулит.
Платформаны әзірлеудің негізгі мақсаты заманауи құрылғылардан жиналған ақпараттарды өңдеу және дихандардың пайдалануына беру. Қазіргі уақытта платформа әзірленіп және барынша жетілдіру сатысында екендіктерін айтқан ғалымдар білім алушылардың тәжірибе алу мақсатында өз қатарларына қосып, барынша қолдау көрсетіп, үйрететіндіктерін жеткізді.
Сондай-ақ, студенттер осы ғимаратта орналасқан «Беттік инженерия және трибология» ҒЗО және «Математикалық үлгілеу және компьютерлік технологиялар» кафедрасының корпусын аралап, STEM — орталықпен және «Robolab» зертханалық кабинетерімен танысты.