25 февраля 2024
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
25 февраля 2024
«Климаттың
өзгеруіне қарсы күрес» тұрақты дамудың 13 мақсаты аясында Сәрсен Аманжолов
атындағы Шығыс Қазақстан университетінің экология және география кафедрасының
Ұйымдастыру комитеті Экология бойынша аумақтық олимпиада өткізді.
Шығыс Қазақстан мектептерінен барлығы 18
өтініш келіп түсті. Әр командада 10-11 сынып оқушыларынан 2-3 қатысушы болды. Бірінші
кезеңде 40 тест сұрағына 1 сағат ішінде жауап беріп, екінші кезеңде жоба
қорғады.
Үздік
нәтижеле көрсеткен Бородулиха ауданының Песчан орта мектебінің командасы
бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Катонқарағай ауданының Берел орта мектебі
мен Өскемен қаласының Мұхамет Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебінің
командалары иеленді. Үшінші орын Өскемен қаласындағы Лев Гумилев атындағы № 38
гимназиясының, Көкпекті ауданының Үлкенбөкен орта мектебінің және Алтай
ауданының Серебрянск қаласындағы М.В. Инюшин атындағы № 1 орта мектебінің
командалары иеленді.