14 Мамыр 2024


Президенттік стипендияға үміткерлер арасында конкурс

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі №204 бұйрығына сәйкес университетімізге 36 стипендия бөлінді.

Осыған орай университетіміздің Президенттік стипендияға үміткерлер арасында конкурс жарияланады.

Толық ақпаратты оқу әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімінен (245 кабинет) алуға болады. Байланыс телефоны 540-437 (ОӘЖҰБ жетекшісі Хамитова З.К.)