27 июня 2024
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
27 июня 2024
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» ББ студенттері үшін «АСС Қорған» ЖШС-мен бірлесіп оқу іс-тәжірибесін ұйымдастырды. Оқыту өрт сөндіру бөлімінде өтті.
— Бұл болашақ мамандарды қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын бағдарламамыздың ажырамас бөлігі,-дейді экология және география кафедрасының сеньор-лекторы Салтанат Манапова.
Айтуынша, бұл арқылы білім алушылар кәсіби ортаға кірісіп, практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік алады.
Оқу іс-шараларын жастар имитацияланған оқу сценарийлері арқылы өтті. Мәселен, жәбірленушілерді эвакуациялау, өртті сөндіру техникасын үйрену немесе мамандандырылған жабдықты пайдалануға үйрету.
Тәжірибенің маңызды аспектілерінің бірі-халықпен өзара әрекеттесуге баса назар аудару. Өрт сөндіру бөлімінің мамандары азаматтармен «Қауіпсіздік негіздері» тақырыбында алдын алу шараларын өткізді.