5 сентября 2024
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
5 сентября 2024
С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледжінде «Тілдік пәндер» ПЦБ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Солтанбекова Ш.М. «Тілмар талант» атты зияткерлік ойын сайысы өтті. Тәуелсіздікті айрандай ұйытып отырған, саяси тұрақтылықтың да негізгі кілті тілде жатыр. 5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай өткен іс-шараға С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледж оқытушылары, студенттер қатысты.
Мәртебелі тілді ұлықтаған шараның мақсаты — тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыра отырып, тілдер бірлігі мен ынтымақтастығын дамыту. Тіл – мерейлі мемлекетімізді мекен еткен сан алуан ұлт пен ұлыс өкілдерінің достығы, береке-бірлігінің және жасампаздығының айқын белгісі.
— Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Осындай мәнді де мағыналы, тіл мәртебесін биіктететін іс- шаралардың арқасында болашақ ұрпақ салиқалы әрі саналы, білімді әрі ізденімпаз болады деген сенімдеміз, — дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледжі директор тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдир Манкей .
Іс-шара барысында білім алушылар ана тілімізге қатысты өлең- жырларды нақышына келтіріп мәнерлеп оқып, ойлы сөздерімен ортаға шығып, білім деңгейі бойынша тартысқа түсті. Іс-шара соныңда топтар арасындағы белсенді студенттер марапатталып, оқытушы атынан әртүрлі көркем әдеби кітаптар сыйға тартылды.
Тіліміздің тұғыры биік, өрісі кең болсын!