6 сентября 2024
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
6 сентября 2024
Физика
және технологиялар кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының
докторы Скаков Мажын Канапиянович, кафедраның 1-ші курс студенттеріне «энергия
алу жолдары және атом электр станциясы» тақырыбында дәріс оқыды. Шара ТДМ
аясында ұйымдастырылды (12 мақсат)
Бүгінгі
таңда әлемде энергия алу жолдары әр түрлі. Күн сайын электр энергиясына деген
сұраныс артып, жаңа әдістер пайда болуда. Атом электр станциялары (АЭС) да
энергия алу жолдарының бірі ретінде маңызды рөл атқарады. Профессор “АЭС-тің
экологиялық қауіпсіздігі мен радиация қаупі сияқты сұрақтар қоғамда жиі
талқылануда. Сондықтан АЭС салу мәселесінде қауіпсіздік шараларын мұқият
жоспарлау және дамыту маңызды” деп атап өтті.
Энергияны
ұтымды пайдалану және экологияны сақтау – біздің болашағымыздың негізі.