9 сентября 2024


«КВАНТТЫҚ ӘЛЕМ – МИКРОӘЛЕМНІҢ ҚҰПИЯЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

Физика және технологиялар кафедрасының философия ғылымдарының кандидаты, профессор Бектасова Гүлсім Сафуановна 1 курс студенттеріне «Заманауи физиканың өзекті сұрақтары. Кванттық әлем – микроәлемнің құпиялары» тақырыбында ашық дәріс оқыды.

Кванттық физика – бұл біздің әлеміміздің ең кішкентай бөлшектерін зерттейтін ғылым. Микроәлемдегі құбылыстарды сипаттағанда, бізге күнделікті өмірдегі түсініктер жеткіліксіз болады, себебі бұл әлемде бөлшектер бір мезгілде бірнеше жерде болуы немесе бір-бірімен ғарыштық қашықтықтарға қарамастан байланыста болуы мүмкін.

Кванттық физиканың құпияларына үңілу – шексіз мүмкіндіктер әлемін ашу деген сөз.

Профессор тақырып бойынша толық ақпарат беріп, тәрбие бойынша да сөз қозғады. Студенттер уақыттарын бос өткізбей, ғылыммен айналысуға көңіл керектігін айтты.