10 октября 2024


ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ББ СТУДЕНТТЕРІ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНУИ ТӘСІЛДЕРІН МЕҢГЕРДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ физика және технологиялар кафедрасының «Физика», «Физика және информатика» БББ студенттері Өскемен қаласындағы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Инновациялық зертханалық практикум»пәні бойынша іс-тәжірибеден өтті. Физика пәнінің мұғалімі Еділжан Қамбаров студенттерге оқытудың заманауи тәсілдері мен әдістерін үйретті.

Мұндай тәжірибе студенттерге білім беру процесіне тереңірек енуге және теориялық білімді іс жүзінде тиімді қолдануға көмектеседі. Студенттер мектепте өткен іс-тәжірибе кезінде сабақ материалын ұтымды түсіндіруді, әр оқушымен жеке жұмыс істеуді үйрендік деп атап өтті.

Мұндай іс-тәжірибе БҰҰ-ның сапалы білім мен лайықты жұмыс тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді.