11 октября 2024


ӨНЕРКӘСІП АСТЫҚ ҚОЙМАСЫНДАҒЫ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

«Өңдеу өндірістерінің технологиясы» БББ студенттері физика және технологиялар кафедрасының профессоры Мұхамедолла Сагидуллаұлымен бірге Защита элеваторында практикалық сабақтар өтті. Білім алушылар өнеркәсіп алаңында өндірістік процестердің қыр-сырымен танысты. Студенттер элеватордың жұмысын тікелей көріп, дәнді сақтау және өңдеу технологиялары бойынша құнды білім алды. Мұхамедолла Сагидуллаұлы өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп, саладағы маңызды аспектілерді жан-жақты түсіндірді. Бұл сабақ студенттер үшін теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, болашақ кәсіби қызметтеріне маңызды қадамдардың бірі болды.

Бұл сабақ студенттерді болашақ кәсіби қызметтеріне дайындап қана қоймай, БҰҰ-ның ТДМ-ны жүзеге асыруға да ықпал етеді.