14 октября 2024


ОҚУ ПӘНІН БАҒАЛАУ ҮШІН PLICKERS БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУ

«Plickers бағдарламасын оқу пәні бойынша қорытынды бағалауда қолдану» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты физика және технологиялар кафедрасының сениор-лекторы К.Т.Иманжанова жүргізіп, білімді қорытынды бағалау үшін Plickers бағдарламасының практикалық қолданылуын көрсетті. Іс-шараға қатысушылар кафедра оқытушылары және қонақ оқытушылар осы технологияны оқу үдерісінде қолдану бойынша пайдалы дағдылар мен құнды ұсыныстар ала алды.