15 октября 2024
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
15 октября 2024
Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да профессорлық-оқытушылар құрамына арналған “Оқу пәні бойынша қорытынды бағалау үшін Plickers бағдарламасын практикалық қолдану” тақырыбында мастер-класс өтті. Іс-шараны Физика және технологиялар кафедрасының сениор-лекторы К.Т. Иманжанова жүргізді.
Plickers бағдарламасы – білімді бағалаудың инновациялық құралы, ол оқытушыларға жауаптарды тез жинап, автоматты түрде өңдеуге және бірден нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Бұл технология әсіресе үлкен топтармен жұмыс істеуге өте ыңғайлы, өйткені әр студенттің жеке құрылғысы қажет емес – жауаптар арнайы кодталған карточкалар арқылы сканерленеді.
Университетте заманауи технологияларды білім беру процесіне енгізу жұмыстары жалғасуда. Мұндай тәжірибелік мастер-класстар оқытушылардың кәсіби дамуына және оқу үрдісінің сапасын арттыруға зор ықпал етеді.
Plickers бағдарламасы оқытушылрадың уақытын үнемдеп сапалы білімді тұрақты дамытуға мүмкіндік береді. Бұл бүкіл әлемдік тұрақты даму мақсаттарының төртінші мақсатын қамтиды.