16 октября 2024
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
16 октября 2024
Физика және технологиялар кафедрасында “Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы” білім беру бағдарламасы студенттеріне арналған қонақ дәрісі өтті. Дәрісті “Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы” ММ басшысының орынбасары Бейбіт Танашұлы Малагждаров оқыды.
Қонақ дәріс барысында спикер ШҚО-дағы ауыл шаруашылығының даму перспективалары мен азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі аспектілері туралы маңызды мәліметтермен бөлісті. Ол аймақтағы ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді, инновациялық тәсілдерді және мемлекеттің қолдау шараларын талқылады.
Студенттер дәрістің мазмұнын жоғары бағалап, ауыл шаруашылығының аймақтағы рөлі мен болашағы туралы құнды ақпарат алғандарын атап өтті. Олардың пікірінше, мұндай кездесулер білім алушыларға тек теориялық білім беріп қана қоймай, оларды кәсіби ортаға жақындатады.
Ауылшаруашылығының дамуы әлеуметтік маңызы бар өнім бағасының тұрақтылығына әсер етеді. Бұл БҰҰ-ның екінші тұрақты даму мақсатына сәйкес келеді.