19 октября 2024


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ «ИНДУСТРИЯ 4.0: КРЕАТИВТІ СТУДЕНТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Ахмет Ясауи университетінде отандық жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Индустрия 4.0: Креативті студент» атты республикалық конкурс өтті. Олардың қатарында соңғы этапқа дейін жеткен ШҚУ-дың жас өкілдері де бар.Олар өзекті тақырып аясында ғылыми жобаларын қорғады.

 

Қазылар алқасы озық ғылыми жобалар мен техникалық туындылардың ішінде үздіктерін анықтады. Республикалық конкурс нәтижесі бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ, С.Аманжолов атындағы ШҚУ, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің және Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ студенттері жүлделі орындарға ие болды.

Мұндай іс-шараларға қатысу және жеңімпаз атану – БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының тоғызыншы мақсатын жүзеге асырға үлес.