5 ноября 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ГРАНТТЫ ӨТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

4 қарашадан бастап С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да мемлекеттік гранттарды өтеу мәселелері бойынша түлектермен ақпараттық түсіндіру шаралары басталды.

Бекітілген кестеге сәйкес, әрбір білім беру бағдарламасы бойынша кездесулер қараша айының соңына дейін өткізіледі.

Алғашқы кездесу «Шет тілі: екі шет тілі», «Орыс тілі және әдебиеті», «Журналистика» білім беру бағдарламаларының студенттерімен өтті. Білім алушылар ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылдың 11 тамыздағы №403 бұйрығымен таныстырылды, оған сәйкес жас мамандар диплом алғаннан кейін мемлекеттік грантты өтеуге міндетті.