11 ноября 2024


СТУДЕНТТЕР МЕДИАЦИЯ ТӘСІЛІН МЕҢГЕРДІ

Құқықтану білім беру бағдарламасының екінші курс студенттері үшін «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша медиация тәсілінен меңгеруге арналған тренинг өткізілді. Тренингті ұйымдастырушы доцент, қ.ғ.к. Айнұр Рамазанова. Бұл ерекше сабаққа қатысушылар болашақ заңгерлерге қажет жаңа дағдыларды меңгерді. Студенттер медиацияда материалдық және процессуалдық нормаларды қолдану құзыреттілігін көрсетті.