11 ноября 2024


ӨҢІРДЕГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚҰҚЫҚТЫҚ САҒАТ

Құқықтану кафедрасының сениор-лекторы Арай Әбілмәжіна Тарбағатай ауданының 6-11 сынып оқушыларына «Құқықтық сағат» тақырыбында дәріс оқыды. Іс-шараны С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың балалар құқығын қорғау жобалық кеңсесінің оқытушысы ұйымдастырды. Дәріс соңында кәсіптік бағдар беру аясында Арай Әбілмәжіна мектеп оқушыларына университеттің білім беру бағдарламалары, академиялық ұтқырлық және жеңілдіктер туралы ақпарат берді.