18 ноября 2024


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДЕ «ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН» ДЕКАДАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледжнің «Педагогика және психология» ПЦБ-ның ұйымдастыруымен «Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған»  декаданың ашылу салтанаты өтті. Жоспар бойынша ұйымдастырылған  бұл іс-шара 18 қарашадан бастап – 29 қарашаға дейін жалғасады.

Декаданың басты мақсаты екі апта көлемінде әріптестердің өзара іс- тәжірибе алмасуы және студенттермен түрлі жұмыс түрлерін өткізіп, болашаққа жарқын қадам басатын, ұлы тұлғаларды тәрбиелеу және білім беру. Жоғары колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Исабаева Н.Е. құттықтау сөзінен басталған іс-шара қызықты әрі креативті ойлармен ерекшелене түсті.

Декада кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып бекітілді. Алдағы уақытта «Педагогика және психология» пәндік циклдік бірлестігіне сәттілік тілейміз!, — дейді Жоғары колледж директоры Бибигуль Толегенова.

 

Колледж фойесі талапқа сай безендіріліп, сонымен қатар «Ұлттық құндылықтарды дәріптейік» деген ұстаныммен көрме жұмыстары назардан тыс қалмады. Ашылу салтанатында  шығыстың ұлы ойшылы-Әбу Насыр Әл- Фарабиге арналған әсем ән шырқалып, көңілді көрініс көрсетілді. Студенттер мен оқытушылар арасында  түрлі логикалық, қызықты ойындар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде ұйымдастырылған ерекше іс-шара болды.