22 ноября 2024
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
22 ноября 2024
«Экосервис-С» ЖШС Алматы қаласы бойынша жұмыс орындарын
мониторингілеу және аттестаттау бөлімінің жетекші маманы Менгалиева Сабина
«Экология», «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»,
«Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі»,
«География» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін
«Иондаушы сәулелер. Радиациялық қауіпсіздік. Радиациялық қауіпсіздікті
зерттеу әдістері» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді. Қонақ дәріс барысында
«Өндірістік экологиялық бақылау бойынша бағдарлама және есептілік»
тақырыбында практикалық жұмыс жүргізді. Студенттер лектордың сұрақтарына
белсенді қатысты, практикалық жұмыс пікірталас түрінде өтті. Қонақтар дәрісінің
соңында экологтардың негізгі міндеттері, олардың қоршаған ортаны қорғаудағы
маңыздылығы жөнінде айтылды. Қонақтық дәрісті студенттер қызығушылықпен тыңдап,
сұрақтарын қойды.