27 ноября 2024


ФИЗИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ АШЫҚ САБАҚТАР

Физика және технологиялар кафедрасының сениор-лекторы Еркежан Қабдыкенова «Ядролық физика және атомдық энергетика» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне «радиоактивтілік» тақырыбында инновациялық ашық сабақ өткізді.

Сабақта тек теориялық біліммен шектеліп қана қоймай, заманауи технологияларды да қолданды.

— Сабақ барысында жасанды интеллект көмегімен әзірленген тапсырмалар мен видеоматериалдар қолданылды. Бұл студенттердің қызығушылығын арттырып, ақпаратты тез әрі тиімді қабылдауға мүмкіндік берді, — деді Еркежан Қабдыкенова.

Студенттер тәжірибелік зерттеулер мен симуляциялар арқылы атомдық құрылымдар мен олардың өзара әсерін көре алды.

Бұл сабақ инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы студенттерге тек теориялық білім ғана емес, практикалық дағдыларды да қалыптастыруға мүмкіндік береді.