28 ноября 2024


АТЫРАУДА «САНАЛЫ ҰРПАҚ» І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЛЕТІ ӨТТІ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледж студенттері Атырауда алғаш рет құқықтық білім мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттауға бағытталған «Адал табыс – Адал Азамат» ұранымен «Саналы ұрпақ» клубтарының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындары арасында І Республикалық слетіне қатысты.

Слет Атырау, Ақтөбе, Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларының белсенділері мен «Саналы ұрпақ» клубтарының басшыларын біріктірді.

Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылап, өз өңірінде атқарылған жұмыстар туралы өздерінің бейне презентацияларын ұсынды.

Слет соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте күш біріктіруге дайын екендіктерін білдірді, сондай-ақ жеребе тарту арқылы Ұлытау облысына эстафетасын тапсырып, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарды олардың бастамаларын қолдауға шақырды.

«Саналы ұрпақ» слеті жастардың сыбайлас жемқорлықсыз адал және әділ қоғам үшін күресуге дайын екенін көрсетті.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алу ісінде ең белсенді және ерекше көзге түскен жастар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.