28 ноября 2024


СТУДЕНТТЕРГЕ НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ ЗИЯНЫ ЖАЙЛЫ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ ӨТКІЗІЛДІ

Тұрақты даму мақсаттарының үшінші мақсаты «Денсаулық және әл-ауқат» аясында “Ядролық физика және атомдық энергетика” білім беру бағдарламасының екінші курс студенттеріне “Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу” тақырыбында кураторлық сағат өтті.

Кураторлық сағатта жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері айтылды. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланады. Сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды.

— Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәріңізге белгілі. Осыған орай түрлі іс-шаралар көптеп өткізілуде. Жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы айтылатын пайдалы жиындарды өткізу, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға болады.  Біз күш біріктірудің арқасында өскелең ұрпаққа оң ықпал етіп, салауатты болашақты қамтамасыз ететінімізге сенеміз, — деді топ кураторы.

Шара соңында студенттерге “Закладка” деректі фильмі көрсетілді. Топ кураторы сөз соңында жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды. Білім алушылар тарапынан сұрақтарын қойылып, өзара еркін пікір алмасты.