29 ноября 2024


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДЕ «ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН» ДЕКАДАНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледжнің «Педагогика және психология» ПЦБ-ның ұйымдастыруымен «Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған»  декаданың ашылу салтанаты өтті. Жоспар бойынша ұйымдастырылған  іс-шара 18 қарашадан бастап – 29 қарашаға дейін жалғасын тапты.

Декаданың басты мақсаты екі апта көлемінде әріптестердің өзара іс- тәжірибе алмасуы және студенттермен түрлі жұмыс түрлерін өткізіп, болашаққа жарқын қадам басатын, ұлы тұлғаларды тәрбиелеу және білім беру.

Декада барысында түрлі форматта  ашық сабақтар, студенттер арасында «Табиғат пен адам» Әл-Фарабидің этикасы» атты  сурет байқауы, Әбу Насыр Әл-Фарабидің өлеңдерінен мәнерлеп оқу сайысы, «Әл-Фараби бақыт философиясы» тақырыбында дөңгелек үстел, тағыда басқа  іс-шаралар жоспар бойынша өткізілді.

          Онкүндік «Саз –жүректен жүрекке» атты қорытынды салтанатты  бағдарламамен аяқталды. Өткізілген апталық өз деңгейінде жоғары ұйымдастырылып, қазақ мәдениеті мен ғылымының ұлы тұлғасын ұлықтауға зор үлес қосты. Бағдарламада Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығынан шабыт алған музыкалық туындылар мен көркемөнер шығармалары орындалды. Шараға қатысушысы студенттер  философтың даналық әлеміне терең бойлап, оның ғылым, музыка және мәдениетке қосқан ықпалын паш етті. Студенттер мың бұрала әдемі ұлттық би билеп, әсем әндерімен мерекені әрлендіре түсті.

         Осы шараның аясында педагогика мен психология пәндерінің  жаңа бағыттары мен даму мүмкіндіктері ашылып, студенттердің  кәсіби дағдылары мен білімдері жетілдірілді. Онкүндік барысында алынған тәжірибелер мен білімдер болашақта  педагогтар  жұмысының сапасын арттыруға ықпал етеді деп сенеміз,  — дейді ПЦК төрағасы Асем Жанапина.

 

Қорытындылай келе, Әл-Фарабидің мұрасы тек тарихта ғана емес, қазіргі заман ғылымында да өзекті, оның ойлары бүгінгі күні қоғамның үйлесімділігі мен дамуын іздейтін әрбір адамға жол көрсететін бағдаршам іспетті болып қала береді дегіміз келеді.