9 декабря 2024


COURSE BUILDER ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ЖАППАЙ АШЫҚ ОНЛАЙН КУРСТАР ҚҰРАСТЫРУ ВЕБИНАРЫ ӨТТІ

2024 жылдың 5 желтоқсанында » ЖАОК құрастыру Coursera Qazaqstan» Республикалық вебинарында Аманжолов университетінен спикер ретінде  Курсера платформасындағы алғашқы қазақ тіліндегі  «Жасушаға саяхат» курсының авторы, қауымдастырылған профессор, биология ғылымдарының кандидаты Садыканова Гульназ Есимбековна қатысып, өзінің үздік тәжірибесімен бөлісті. Вебинар жоғары танымдық, әдістемелік деңгейде өтті.