12 декабря 2024


БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Биология кафедрасында академиялық комитеттің отырысы өтті. Оған ШҚО-ның Өскемен қаласындағы №6 орта мектептің директоры А.А.Асқарова, Өскемен қаласындағы №15 орта мектептің биология пәні мұғалімі А.К.Ахатова, «Пасека» шаруа қожалығының директоры В.М.Қасымбаев, Шығыс Қазақстан өңірлік тәжірибелік ауыл шаруашылығы станциясының ғылыми жұмыстар жөніндегі төраға орынбасары Сауле Сейілгазина, осы ұйымның ғылыми хатшысы Ирина Черепанова, сондай-ақ кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты. Биология кафедрасының меңгерушісі А.А.Кітапбаева білім беру бағдарламалары бойынша қысқаша ақпарат беріп, кеңес мүшелерінен оқу жоспарына енгізілетін өзгерістер бойынша ұсыныстарды сұрады. Жобада білім беруді жаңғырту аясында құндылықтарға негізделген оқыту, көптілді оқыту және білім беруде инклюзивті тәсілді арттыруға бағытталған бірнеше нормалар енгізілген. Сондай-ақ, білім беру стандарттарының тиімділігін бағалау жүйесін қарастыратын жоба ұсынылды.

В.М.Қасымбаев білім беру стандарттарын жаңарту — әлемдік тәжірибе екенін, ол қазіргі білім беру тенденцияларын, цифрландыру мен жасанды интеллектінің қарқынды дамуын ескеретінін атап өтіп, «Орман ресурстары» пәні бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Черепанова Ирина тек орталықта практикалық оқытумен шектелмей, филиал ашуды ұсынды.