12 декабря 2024


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ Қ. БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Облысымызда 2024 жылдың қараша айының 27-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы колледждерінің студенттері арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Республикалық  Қ. Бітібаева атындағы олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпадада облысымыздың әр колледжінен білімді 1-2 курс студенттері қатысты. Облыстық олимпиада қорытындысы нәтижесінде «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті»  Жоғары колледжі  «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс студенті Абутова Дильназ Самалқызы  1 орын иеленіп, олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алды.

 

Қазақстан Республикасы колледждерінің студенттері арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Республикалық дәуірдің дара ұстазы, КСРО халық ағарту ісінің үздігі Қанипа Бітібаева атындағы ІІІ Республикалық олимпиадасы 2024 жылдың желтоқсан айының 11-12 жұлдызында өтті. Олимпиадаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен ең дарынды деген студенттер келді. Олар өзара білім додасына түсіп, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білімдерін ортаға салып саралады.  Олимпиада 3 кезеңнен тұрды. 1- кезеңде студенттер эссе жазса, 2-3 кезеңде жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындады. Олимпиада қорытынды нәтижесінде студентіміз шығыстың намысын қорғап, жүзден жүйрік атанып 3 орын иеленді.  Осындай білімді, дарынды білім алушыны дайындаған пән оқытушысы Омариева Лунара Акылбекқызына және Жоғары колледж ұжымына алғыс білдіреміз! Саналы ұрпақ тәрбиелеуде сапалы білім алушылар көп болсын!