12 декабря 2024


ӨҢІР МҰРАСЫ: ШҚУ-ДА ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨРНЕКТІ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЖАЙЛЫ ДӘРІС ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да п.ғ.к, доцент, басқарма төрағасының орынбасары – стратегиялық даму және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Ирина Ровнякова Владимировнаның өңірдегі өнертапқыштарға, зерттеушілерге және жазушыларға арналған дәрісі өтті. Өлкетанушы-жазушы, мұрағатшы Станислав Евгеньевич Черныхтың еңбегіне ерекше назар аударылды.

Ирина Ровнякова Черныхтың еңбек жолымен, өмірімен танысу студенттер үшін маңызды екендігін атап өтті. Ол өз сөзінде Станислав Евгеньевич көптеген өлкетанушылар мен мұрағатшылар үшін үлгі екендігін, мұрағатшы болу қазіргі заманда жиі кездесе бермейтін мамандық екендігін айтты.

—  Мұрағатшы – сирек кездесетін мамандық. Құжаттан маңызды, құнды ақпаратты көру кез келген адамға берілмеген. Әр құжат – маңызды ақпарат көзі, — деді Ирина Ровнякова.

       Сондай-ақ дәріскер бақташы Д.Панкратьев, омарташы А.Федоров, Алтай ботаникалық бағының негізін қалаушы П.Ермаков, жазушы-жерлестер А.Волков, Е.Пермитин, Н.Горбачев, П.Бажов, А.Иванов, П.Кузнецов, Қ.Қайсенов және Оралхан Бөкей жайлы тың деректермен бөлісті.

       —  Дәрісті өте қызықты өтті. Көп жаңа ақпараттар білдім және бұл тақырыпты әр қарай оқуға шабыт алдым, — деді студент Арна Рахметулланова.

       Шара соңында студенттер спикерге сұрақтарын қойып, ашық әңгіме алаңына ұласты.