13 декабря 2024


“КӨРКЕМ” ЖАЙДАРМАН ҚҰРАМАСЫ ВИЦЕ-ЧЕМПИОН АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

Университеттің ғана емес облыстың абыройын қорғаған қыздардан құралған “Көркем” жайдарман құрамасы төрт қалада өткен Республикалық Ertis Nomad лигасында әр ойыннан сүрінбей өтіп, финалдық бәйгеге дейін бақ сынасып Вице — чемпион атағына ие болды. Тартысты сайыста ешкімнен кем қалмай, халық чемпионы атанып, көптің көңілінен шыққан дарынды қыздарымыз ректор, профессор Төлеген Мұхтар Әділбекұлына өз алғыстарын білдіреді.