С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың психология және коррекциялық педагогика кафедрасында психология және арнайы педагогика бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша академиялық кеңестің кешенді отырысы өтті. Қатысушылар 2024 жылғы кәсіби стандарттарға сәйкес құзыреттер мен тиісті пәндерді модельдеу мәселелерін талқылады.
Оқытушылар, жұмыс берушілер, студенттер, түлектер кәсіби стандарттарға сәйкес жаңа оқу нәтижелері мен құзіреттерді әзірлеу жұмыстарына атсалысты.
Академиялық кеңес жұмысына Динара Дюсембинова, Тілеуберген Конекбаев, Мерхат Камитов, Мирхат Мукушев, Сания Тутканбаева, Светлана Кривицкая, Лилия Мамбурова, Алина Смагулова, Зарина Қанатқызы, Анастасия Мурзахожина, Дарья Архипова, Самархан Алина Самархан, Дильназ Амангельдинова қатысты.
Отырыс барысында жұмыс берушілердің «Еңбек функциялары және мамандарды даярлау»сауалнамасының нәтижелері ұсынылды. 55% жұмыс беруші максималды баға берді, қалғандары жоғары бағалады.
Сонымен қатар, жұмыс берушілер құзыреттер мен дағдыларды дамыту аймағын атап өтті. Олардың қатарында: жауапкершілік, диагнозды жүйелі талдау, бұзушылықтарды диагностикалау, ата-аналарға кеңес беру, топтық жұмыс, сыни ойлау, әртүрлі жастағы және мәдениеттермен жұмыс істеудегі икемділік, пәнаралық тәсілдерді терең түсіну, оқытудың техникалық құралдарын меңгеру.
Кеңес қатысушылары мамандарды даярлау сапасын жақсартуға қатысты бірнеше ұсыныс жасады. Атап айтқанда, оқыту үдерісін тәжірибелік тұрғыда күшейту, дефектология саласындағы білімді кеңейту, ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен жұмыс істеу әдістерін жетілдіру және компьютерлік технологияларды міндетті түрде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді.