24 декабря 2024


«ЖАС ОҚЫТУШЫЛАР МЕКТЕБІ» КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде университеттің жас оқытушыларына арналған «Жас оқытушылар мектебі» курсы аяқталды. Бір ай бойы қатысушылардың кәсіби дамуы мен педагогикалық қызметінің сапасын арттыруға әдістемелік қолдау көрсетілді. Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етті. Курс соңында жас оқытушыларға сертификаттар табысталды.

Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы