24 декабря 2024


ШҚУ-ДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН КУРС ӨТУДЕ

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың кәсіби даярлау және біліктілігін арттыру ресурстық орталығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетімен келісілген «Геоақпараттық технологияларды қолдану арқылы географияны оқыту» бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған қашықтықтан оқыту курсын өткізуде.

Курстың мақсаты – мектеп оқушыларының оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін кеңістік-уақыттық ақпаратты жинау, сақтау, талдау және визуализациялау құралы ретінде географиялық ақпараттық технологияларды пайдалануға мұғалімдерді үйрету. Курс бағдарламасына Шығыс Қазақстан облыстарының мұғалімдері қатысуда. Оқу ұзақтығы 135 сағатты құрайды.

Курс дәріскері PhD доктор, экология және география кафедрасының меңгерушісі, доцент Назгүл Жеңсікбаева.