27 декабря 2024


2024 ЖЫЛ БОЙЫНША ШҚУ-ДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК КАФЕДРАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы 2024 жылдың үздік кафедрасы атанды. Сондай-ақ, кафедраның оқытушылары бірқатар жеке номинацияларда марапаттарға ие болды.

“Жылдың үздік әдіскері” аталымын Қанапиянова Қымбат, “Үздік практик оқытушы” аталымын Байчинов Рауан иеленді.

Оқытушы-профессорлар құрамының айтуынша, бұл жетістік – ұжымның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Кафедра күн сайын білім мен ғылымның дамуына өз үлесін қосып, студенттердің әлеуетін ашуға көмектесуде.