5 января 2025


АКАДЕМИЯЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІНІҢ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

Оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі бөлімі 08.01.2025ж. бастап 15.01.2025 ж. дейін университет оқытушыларына академиялық инновациялар қысқы мектебінің жұмысы басталғанын хабарлайды.

 

Қысқы мектептің мақсаты – университет оқытушыларының білім беру бағдарламаларын, заманауи технологиялар мен инновацияларға негізделген әдістемелік тәсілдерді жобалау және іске асыру саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ академиялық ұтқырлық пен халықаралық тәжірибені интеграциялауды жетілдіру.

Қысқы мектептің міндеттері:

⁃ Оқытудың заманауи әдістерін қолдануда оқытушылардың біліктілігін арттыру.

⁃ Білім беру бағдарламаларын жобалау дағдыларын дамыту.

⁃ Инклюзивті білім беру тәжірибелерін енгізу.

⁃ Тәжірибе алмасу және озық білім беру тәсілдерін зерттеу.

⁃ Академиялық ұтқырлық тетіктерін жетілдіру.

— Университеттің нормативтік құжаттарымен танысу.

 

Өткізілетін күні Уақыты және орны Іс — шара
08.01.25ж. 11-00

№1 оқу ғимараты, №218 ауд.

(Кафедра оқытушылары)

Тақырыбы: «Оқу пәндерін жобалаудағы CLIL және STEM элементтері»

Спикерлер: Жантасова Ж.З., т.ғ.к., КМжАТ кафедрасының қауымдастырылған профессоры;

Карменова М.А., (Рh.D), КМжАТ кафедрасының қауымдастырылған профессоры;

Жақсалықова А.К., КМжАТ кафедрасының сениор-лекторы

15-00

№1 оқу ғимараты, №218 ауд.

(Кафедра оқытушылары)

Тақырыбы: «Блум таксономиясы арқылы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау»

Спикер: Губайдуллина Г.Н., п.ғ.к.,

ПБжМ кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

10.01.2025ж. 11-00

№1 оқу ғимараты, №218 ауд. (кафедра меңгерушілері,

БББ менеджерлері)

Тақырыбы: «Заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жобалау» Спикер: Радченко Н.Н., п.ғ.к., ПБжМ кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
15-00

№1 оқу ғимараты, №218 ауд. (Кафедра оқытушылары)

Тақырыбы: «Жоғары білім беруде жасанды интеллектті қолдану»

Спикер: Домалатов Е.Б., АСжББББ департаментінің директоры

13.01.2025ж. 11-00

№ 1 оқу ғимараты, 218 ауд.

(Кафедра оқытушылары)

Тақырыбы: «Болашақ педагогтарды инклюзивті білім беруге дайындаудың әдістемелік аспектілері»

Спикер: Мацкевич И.К., пс.ғ.к., ПжКП кафедрасының профессоры.

15-00

№1 оқу ғимараты, №218 ауд.

(кафедра меңгерушілері, БББ менеджерлері)

Тақырыбы: «Дуалды оқытуды ұйымдастырудағы үздік тәжірибе: проблемалар мен перспективалар»

Спикер: Қалибек Ж.С., физика және технологиялар кафедрасының сениор-лекторы

15.01.2025ж. 11-00

№1 оқу ғимараты, №218 ауд.

(ЖМ декандары, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, БББ менеджерлері)

Тақырыбы: «Университеттің нормативтік-құқықтық құжаттары: құрылымы, мазмұны және практикалық қолданылуы»

Спикерлер: Алимбекова Н.Б., Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор;

Домалатов Е.Б., АСжББББ департаментінің директоры

15-00

№1 оқу ғимараты, №218 ауд.

(ЖМ декандары, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар)

Тақырыбы: «Профессорлық оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлығы: даму стратегиясы және табысты іске асыру»

Спикерлер: Манжуева А.Ж., ОӘЖҰЖБ әдіскері;

Мұстафина М.О., «Парасат» студенттерге қызмет көрсету орталығының басшысы