5 января 2025


ЖОО-МЕН ТАНЫСУ: ШҚУ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІН ӨТКІЗУДЕ

Үшінші қаңтар күні С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына арналған «Amanzholov University-мен Open Day» кәсіби бағдар беру онлайн кездесулер легі басталды.

ZOOM сессиялары барысында «Professional Upgrading» мансап орталығының мамандары мектеп оқушыларына университет, білім беру бағдарламалары, оқудың артықшылықтары және алдағы ҰБТ тапсыру форматы туралы толық ақпарат береді.

Орталық басшысы Жаннель Болатованың айтуынша, бүгінгі таңда Күршім, Катонқарағай аудандары мен Алтай ауданының түлектерімен онлайн сессиялар өткізілді.  Кездесу барысында тек академиялық мәселелер ғана емес, болашақ талапкерлер үшін  студенттік өмірдің қызықты сәттері де талқыланды.