5 января 2025


2024 ЖЫЛЫ COURSERA ПЛАТФОРМАСЫН АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2024 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Аманжолов университетіне «Coursera» білім беру платформасына арналған 850 пайдаланушы лицензиясын бөлді. Есепті кезеңде 1707 студент бұл лицензияларды тиімді пайдаланып, 2266 курсты аяқтап, 3017 сертификат алды. Олар осылайша түрлі бағыттарды қамтыды, соның ішінде ең танымал санаттар төмендегідей болды: Leadership and Management, Business Essentials, Business Strategy, Education, Entrepreneurship, Software Development, Personal Development, Music and Art, Learning English және Law.

Білім алушылар курсты қазақ, ағылшын, орыс, қытай, испан, түрік және басқа да тілдерде оқыды.

Биология кафедрасының профессоры Гүлназ Садықанованың «Жасушаға саяхат» авторлық курсы танымалдылығы жағынан екінші орынға ие болды.

Айта кетейік, мұндай нәтижелер студенттердің онлайн форматта білім алуға деген жоғары деңгейдегі қызығушылығы мен мотивациясын көрсетеді, сондай-ақ білім алудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.