8 января 2025


С.АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫС

2025 жылдың 8 қаңтарында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті  Жоғары колледжі №1 оқу ғимаратында Өскемен қаласының «№6 орта мектебі» және «Меновное орта мектебі» бітіруші түлектеріне экскурсия жүргізді.

Негізгі мақсат: колледж бен университеттің білім беру бағдарламаларымен танысу болды, сонымен қатар университет пен колледждің материалдық-техникалық базасымен, болашақ талапкерлердің дарындылығын ашуға жасалған жағдайлармен танысуға мүмкіндік берді.       Мұғалімдер болашақ талапкерлерге мамандықтар, оқуға түсу және оқу шарттары, тәжірибе базалары, жұмысқа орналасу перспективалары туралы айтып берді.

Осы экскурсия аясында «ҰШҚЫР ОЙ- QUIZ» интеллектуалды ойыны өткізілді, ол да кәсіптік бағдар беру жұмысын ойын және практикалық түрде жүргізуге, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

 Іс-шара оқу орнына шынайы қызығушылық тудырды. Көптеген сұрақтар қойылып, оларға колледж өкілдері тарапынан білікті жауаптар берілді.

 

Қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сәттілік!