9 января 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГ

Стратегиялық даму және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Ирина Ровнякова университеттің құрылымдық бөлімшелерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында университеттің әлемдік QS, Times Higher Education және Greenmetric рейтингтеріне ену стратегиясы талқыланды.

Әңгімелесу барысында қатысушыларға әлемдік аренада университеттің абыройын көтерудің басты қадамадары айтылды. Сондай-ақ академиялық беделді арттыру мен ғылыми жетістіктерді ілгерілету бағыттары сөз етілді.