10 января 2025


СПАРТАКИАДА-2025: ЖҮЗУ СПОРТЫ – САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ БІР БӨЛІГІ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті студенттер мен қызметкерлерге салауатты өмір салтының құндылықтарын белсенді түрде насихаттайды. Спартакиада аясында өткен жүзу жарысы осының бір айғағы. Әр командадан екі адам спорттық жүзуде бақ сынасты. Жарысқа мәдениет, спорт және алғашқы әскери дайындық кафедрасының сениор-лекторы Айдын Өскембаев төрелік етті.

Әр қатысушы жүзу кезінде шеберліктерін, ерік-жігерлерін, ептіліктерін және жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті.

– Мен IT және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің командасының атынан қатысып жатырмын. Мәреге қысқа уақытта жеткім келеді. Университет ішінде салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған шараларды ұйымдастырғандары үшін алғысымды білдіремін, — деді жарысқа қатысушы Арайлым Тұқышова.

Командалық есепте бірінші орынды Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебі, екінші орынды Педагогика Жоғары мектебі, ал үшінші орынды Жоғары колледж иеленді.

Жекелей есепте ерлер арасында бірінші орынды Александр Зуев, екінші орынды Ерназ Ермеков, үшінші орынды Бекжан Әбілқасымов иеленді. Әйелдер арасында бірінші орынды Ольга Кувшинникова, екінші орынды Толғанай Файзуллаева, үшінші орынды Нәзира Сағымғалиева жеңіп алды.