10 января 2025


СПАРТАКИАДА-2025: ҮСТЕЛ ТЕННИСІНДЕГІ ТАРТЫСТЫ КЕЗДЕСУЛЕР

ШҚУ-дағы жыл сайынғы спорттық шаралар үстел теннисінсіз өтпейді. Бұл – Олимпиадалық спорт түрлерінің бірі. Ойын екі ойыншы арасында өтті. Әр командада екі епті, ширақ қатысушыдан болды. Тартысты кездесу үш партиядан тұрды. 2001 жылы бекітілген қазіргі заманғы халықаралық ережелерге сәйкес, әр партия 11 ұпайға дейін жалғасады. ШҚУ-да да осы ережелер сақталды. Ойын ережелерінің сақталуын және әділетті өтуін Мәдениет, спорт және алғашқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы Әлішер Төлебаев қадағалады.

– Барлық ойыншылардың салауатты өмір салтын ұстанатыны анық байқалады. Олардың барлығы өте епті, белсенді және сергек. Ойынның өту барысының тартысты болғаны сонша, Олимпиада ойындарының атосферасы сезілді. Мұндай шаралар – салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызды бөлігі, – деді төреші.

Командалық ойын қорытындысы бойынша үшінші орынды Бизнес және құқық жоғары мектебінің қатысушылары иеленді, екінші орын – IT және жаратылыстану жоғары мектебіне бұйырды. Ал бірінші орынды Педагогика жоғары мектебінің командасы жеңіп алды.

Ерлер арасындағы жекелей есепте бірінші орынды Ерлан Боденбаев иеленсе, екінші орынды Әлішер Төлебаев, ал үшінші орынды Батырхан Әлханов жеңіп алды. Әйелдер арасында бірінші орынды Ақмарал Жақсылықова, екінші орынды Перизат Анафия, ал үшінші орынды Мария Колчина еншіледі.