10 января 2025


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ ХХХІІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАҒА ДАЙЫНДАЛУДА

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың білім алушылары жыл сайын жоғары оқу орындарының студенттері арасында өтетін ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиадада Қазақстанның намысын қорғамақ.

13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында Қазақстан құрамасы спорттың 10 түрінен бақ сынасады: биатлон, шаңғы жарысы, қысқы спорттық бағдарлау, мәнерлеп сырғанау, фристайл, шорт-трек, ерлер, әйелдер хоккейі, тау шаңғысы спорты. 103 қазақстандық спортшы ел абыройын қорғау үшін бар күштерін салады, оның ішінде Amanzholov University студенттері – Зейнеп Құмарқан (Шорт-трек), Фёдер Бугаков (фристайл), Катрин Мескини (әйелдер хоккейі) және Евгения (Қысқы спорттық бағдарлау).

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, жарысқа 57 елден 2 000-ға жуық спортшы қатысады. 11 спорт түрі бойынша 90 медаль сарапқа салынбақ.