13 января 2025


СПАРТАКИАДА-2025: ФУТЗАЛДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕР

Жыл сайынғы спартакиада аясында жоғары оқу орнында өтіп жатқан футзалдан жарыс аяқталды. Тартысты өткен ойын жарқын сәттерімен есте қалды. Әр команда бес үздік ойыншыдан құралды. Аяқ доп шеберлерінің жарысына Мәдениет, спорт және АӘД кафедрасының лекторы Александр Зуев төрелік етті.

Бақ сынасқан 10 команда да өз қабілеттерін айқын көрсете білді. Қорытынды есеп бойынша бірінші орынды Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету  және цифрландыру орталығы иеленсе, екінші күміс жүлдені Педагогика жоғары мектебі, ал үшінші орынға «Ректорат» командасы жайғасты.

— Ойындар өте тартысты және жағымды эмоцияға толы болды. Әр команда өз мүмкіндіктерін барынша көрсетуге тырысты. Біздің университетте салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың көп болғаны қуантады, — деді бас төреші.