13 января 2025
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
13 января 2025
Кәсіби спортшы және «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенті Шаша Эюбов джиу-джитсудан «ACBJJ Wold Open Championship» әлем чемпионатында алтынды жеңіп алды. Жыл сайынғы халықаралық спорттық іс-шара Мәскеуде өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен келген жүздеген қатысушыларын жинады.
– Мен өзімді мақтан тұтамын, себебі бұл жарысқа қажырлы әрі көп уақытты қажет ететін дайындық бірнеше айға созылды. Халықаралық аренада туған Қазақстанымды лайықты таныстыра алғаныма өте бақыттымын , – деп бөлісті Шаша.
Шаша бала кезінен бастап жапондық жекпе-жек өнері- джиу-джитсумен айналысады.
Бүгінде жас жігіт ШҚУ-да жоғары білім алып, тек спорттық ғана емес, академиялық өмірде де табысты нәтижелер көрсетуде.