14 января 2025
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
14 января 2025
С.Аманжолов
атындағы ШҚУ-да «Дуалды оқытуды ұйымдастырудың үздік тәжірибесі: мәселелер мен перспективалар»
тақырыбында ПОҚ үшін оқыту семинары өтті. Іс-шара «Академиялық инновациялар»
қысқы мектебі аясында ұйымдастырылды.
Семинар барысында
қатысушылар білім беру үдерісіне дуалды оқытуды енгізу мен ұйымдастыруға
қатысты негізгі мәселелерді, сондай-ақ дуалды жүйені енгізу кезінде оқу
орындарында кездесетін қиындықтарды талқылады. Атап айтқанда, үйлестірудің
жеткіліксіздігі – 30%, салалардың шектеулілігі – 20%, жұмыс берушілердің
мотивациясының төмендігі – 25%.
Спикер ретінде
физика және технологиялар кафедрасының сениор-лекторы Жадыра Қалибек сөз
сөйледі. Ол дуалды оқыту жоғары кәсіби мамандарды дайындап, оқу бітірген соң
бірден кәсіби қызметіне кірісе алатынын атап өтті.
– Біздің
студенттер аудиторияларда білім алумен қатар, кәсіпорындарда өз білімдерін
тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік алуы керек. Бұл олардың кәсіби өсуі мен
жұмысқа орналасуы үшін жаңа перспективаларды ашады, – деді Жадыра Қалибек.
Семинар пікір
алмасумен аяқталып, қатысушылар қарастырылған тақырып бойынша спикердің
талқылау сұрақтарына жауап берді.