16 января 2025


ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК: БІЛІМ БЕРУДЕ ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕРДІ ҚОЛДАУ

Гендерлік теңдік – БҰҰ бекіткен Тұрақты даму мақсаттарының бірі. Осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерге қарамастан, көптеген салаларда ерлер мен әйелдер арасындағы айтарлықтай айырмашылықтар сақталуда. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, әйелдердің құқықтары ерлердің құқықтарының тек үштен екісін ғана құрайды, бұл олардың экономикалық және әлеуметтік өмірдегі мүмкіндіктерін айтарлықтай шектейді.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ гендерлік теңдікке қол жеткізуді мақсат ететін Тұрақты даму мақсатын белсенді түрде қолдайды. дәстүрлі түрде ерлердің мамандығы болып саналатын «Дене шынықтыру және спорт» және «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедраларында 114 қыз білім алуда.

– Біздің университет әр студентке, жынысына қарамастан, білім алу және өзін дамыту үшін тең мүмкіндіктер беретін инклюзивті білім беру ортасын құруға ұмтылады, – деді ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Айта кету керек, білім беру процесінде гендерлік теңдікті қолдау тек әділдікке ықпал етіп қана қоймай, әйелдер мен ерлердің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.