16 января 2025
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
16 января 2025
ШҚУ
студенттердің кәсіби өсуі мен жұмыспен қамтылуына ерекше мүмкіндіктер ұсына
отырып, ғылыми-зерттеу қызметін белсенді дамытып келеді. Бұл БҰҰ-ның Тұрақты
даму мақсаттарының (ТДМ) сегізінші мақсатына сәйкес келеді.
Мұндай оқыту
тәсілінің жарқын үлгісі – «Ядролық физика» мамандығының 5-курс студенті Балым
Әлібекова. Ол «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығында
инженер болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, ғылыми зерттеулерге қатысу оған
теориялық білімін тереңдетіп қана қоймай, практикалық дағдыларын едәуір
дамытуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар,
өндірістің өзекті сұраныстарына бағытталған нақты ғылыми жобаларға қатысу оның
жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
ШҚУ
студенттердің ойға алған жобаларын ғылыми орталықтар мен зертханаларда жүзеге
асырып, кәсіби мансаптарын сәтті құруға жол ашады.
Мұндай жағдайлар
студенттердің жоғары технологиялар, энергетика, материалтану, ядролық физика
және машина жасау сияқты болашағы зор салаларға интеграциялануына ықпал етеді.
Бұл экономика салаларында жұмыс істей алатын, сондай-ақ ғылыми-техникалық
прогресті дамытуға үлес қоса алатын жоғары білікті мамандарды даярлаудың
маңызды аспектісі.