16 января 2025
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
16 января 2025
Химия ғылымы – қоршаған орта мен адамзат өмірін жақсартуға бағытталған ең маңызды салалардың бірі. БҰҰ-ның Тұрақты даму бастамасындағы (ТДМ) 12-ші және 15-ші мақсаттар экологиялық тұрақтылық пен табиғи ресурстарды сақтауға ерекше назар аударады.
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры Б.С.Тантыбаева және екінші курс докторанты Д.Қ.Болатхан аталған мақсаттарға жету жолында бірқатар зерттеулер жүргізіп жатыр.
Химия кафедрасы ШҚУ базасындағы зертханада Зайсан ауданындағы Кендірлік кен орнының қоңыр көмірінен гуминді препараттар алу үшін көмірдің физикалық-химиялық қасиетін зерттеп, гуминді препарттардың шығымын анықтады.
Алынған зерттеу нәтижелері Қазақстанда, жақын және алыс шетелдерде ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, уәкілетті орган ұсынған басылымдарда жарық көрді.