20 января 2025
МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАРДЫҢ ГРАНТТЫ ӨТЕУІ
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да мемлекеттік білім бағдарламасын 2025 жылы бітіретін бітіруші курс магистранттары мен докторанттарына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Биыл философия мамандығын грантта оқып жатқан 718 магистр және 17 доктор бітіреді. Барлығы ҚР ҒЖБМ минситрінің Бұйрығымен таныс. Бұйрықта білім алушы орқуын бітірген соң мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті екендігі жазылған.
Сондай-ақ, білім алушыларға жұмысқа орналасу реті және міндеттен босатылатын себептер түсіндірілді.
Айта кетейік, магистранттар мен докторанттардың WhatsApp желісінде ортақ чаттары бар, олар Мансап орталығы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандарынан қосымша, өзекті ақпараттар алып отырады.