20 января 2025


ОҚУШЫЛАРМЕН БІРЛЕСКЕН ЗЕРТХАНА ЖҰМЫСТАРЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ базасындағы аналитикалық химия кабинетінде Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейінің оқушыларымен бірге зертханалық жұмыс жүргізілді. Іс-шара мектеп оқушыларын олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысуға дайындау, сонымен қатар химия пәнінен білімдерін тереңдету мақсатында өткізілді.

Сабақты университеттің химия кафедрасы ұйымдастырды. Кафедрада «Гумин Қышқылы әлемінде» үйірмесі жұмыс істейді. Педагогика ғылымдарының кандидаты Бәтима Тантыбаеваның жетекшілігімен мектеп оқушылары зертханалық құрал-жабдықтармен танысып, химиялық тәжірибелер топтамасын өз бетінше жүргізуге мүмкіндік алды.

          Зертханада әр оқушыға жеке-жеке көңіл бөлдік. Қатысушылар зерттеу жұмысына белсене қатысып, сұрақтарын қойды, — деді Бәтима Тантыбаева.

Шараға 10 мектеп оқушысы қатысты. Зертханалық жұмыс балаларға тек олимпиадаға дайындалып қана қоймай, ғылыми ойлау мен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамытуға көмектесті.